Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Пресс-релиз СК-Фармация

24.05.2011

Баспасөз хабарламасы

2011 жылғы 24 мамыр Астана қаласы

2011 жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша «СҚ-Фармация» компаниясы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тауарды тиеу көлемін 3,6 есеге, яғни 6,4 млрд.теңгеден (2010 жыл) 23,3 млрд. теңгеге дейін арттырды.

Компания медициналық ұйымдармен 31,3 млрд. теңге сомасына шарт жасады. Жаңа шарттар жасау, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қосымша өтінімдері есебінен жасалған шарттар сомасы 1 мамырдағы жағдай бойынша 44,11 млрд. теңгеге (41%-ға) дейін артты. 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда шарттар сомасы 24%-ға артық (8,38 млрд. теңге).

Қазіргі уақытта «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьютор инфрақұрылымын дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. Ernst&Young халықаралық компаниясы Groenewout International компаниясымен, логистикалық қызметтер саласындағы халықаралық сарапшымен бірге дистрибуциялау моделін әзірлеп, қоймалардың орналасқан жерін анықтап берді.

Ұсынылған модельге сәйкес 3 жыл ішінде Бірыңғай дистрибьютордың жеке фармацевтикалық қоймалар желісі құрылатын болады, оған Алматы қаласында 1-деңгейдегі (бас қойма), Астана, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен қалаларындағы 5 қойманы енгізуге болады. Осы қоймалардың ауданы сақтау көлеміне байланысты 7000-нан 12000 шаршы метрге дейін түрленіп отырады. Қалған облыстарда екінші деңгейдегі 11 қойма (әрқайсысы шамамен 1000 шаршы метрден) салынатын болады.

Алматы және Астана қалаларындағы қоймаларда өнімді импорттау үшін кеден қоймалары қарастырылатын болады. Бірінші деңгейдегі қоймаларда өнімнің жартыжылдық және жылдық қорын сақтау жоспарланып отыр. Екінші деңгейдегі қоймаларда – 2 айлық қор.

«СҚ-Фармация» ЖШС денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі шеңберінде стационарлар үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алумен және оларды емдеу мекемелеріне жеткізумен айналысады. Жалғыз ғана ерекшелік – ересектер үшін гемофилиямен ауыратындарға қан ұйы­ту факторы және диабетпен ауыратындарға инсу­лин­дер. Жеңілдікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ амбулаториялық науқастарды емдеу үшін препараттарды сатып алумен жеткізуді денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС

Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85, +7 701 7400185

Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz


Тізімге қайта келу