Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Баспасөз релизі 2011 жылғы 20 қыркүйек

20.09.2011

Астана қаласы

«СҚ-Фармация» ЖШС тұмауға қарсы вакцинаны толық көлемде сатып алды. Бүгінгі таңда  Ваксигрип тұмауға қарсы тиімділігі жоғары вакцинаның 740 мыңнан астам мөлшері ыңғайлы заманауи пішінде –көлемі 0,5 мл (1 мөлшері) шприцпен берілген, ол Бірыңғай дистрибьютордың қоймасында. Ағымдағы айдың аяғына дейін барлық сатылып алынған вакцина көлемі еліміздің медициналық ұйымдарына жеткізілетін болады. 

«Осы жылы бізге вакцинаны өткен жылмен салыстырғанда бір ай ерте сатып алып, Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына қоюға мүмкіндік туды», - дейді «СҚ-Фармация» басқарушы директоры  Андрей Якунин. «Бұл вакцинаны эпидемиологиялық маусым басталғанша алдын ала өңірлерге жеткізуге мүмкіндік береді. 

Тұмауға қарсы вакцинаны сатып алудың екі кезеңдік тәртіптемесін пайдаланумен ашық тендер өткізу бір данасына 643,28 теңге бағасымен жалпы сомасы  476 млн. теңгеге сатып алуға мүмкіндік берді, сонымен қатар бөлшектік нарықта оның бағасы бір данасына 1600 теңгені құрайды.  «СҚ-Фармация» компаниясы сатылып алынған вакцинаның көлемін өткен жылмен салыстырғанда  (2010 жылда 350 мың дана көлемінде) екі есеге арттыра алды.  

Осы вакцинаның өндірушісі еуропалық  Санофи Пастер компаниясы болып табылады, ол – вакцинациялау саласында сарапшы және тұмауға қарсы вакцина нарығында  көшбасшы.  

Қазақстан Республикасында тұмауға қарсы вакцина егу дәстүрлі түрде қазан айынан желтоқсан айына дейін созылады. 

Тұмауға қарсы егу жыл сайын өткізіледі, өйткені ол өмір бойы иммунитетті қамтамасыз етуге ықпалы жоқ. Халықты желтоқсан-ақпан айларында болатын аурудың, яғни болжанған эпидемияның алдында еккен орынды. Толыққанды иммунитетке ие болу үшін еккеннен кейін 10-14 күн күту қажет, осыған сәйкес егу үдерісін желтоқсан айының басына дейін аяқтау қажет. 

«Самұрық-Қазына Фармация» ЖШС 2009 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық саланың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында  құрылды. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу мен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютердің функцияларын жүзеге асыру үшін құрылған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.


«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85 begin_of_the_skype_highlighting            +7 7172 57-12-85      end_of_the_skype_highlighting, +7 701 7400185 begin_of_the_skype_highlighting            +7 701 7400185      end_of_the_skype_highlighting
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz



Тізімге қайта келу