Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

«СҚ-Фармация» ЖШС тендер жариялады

13.09.2012

«СҚ-Фармация» ЖШС тендер жариялады

Хабар (ТВ): 13.09.2012

«Самұрық-Қазына Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөнінде тендерлік өтініштері қабылдауды аяқтады. Айта кету керек, бұл серіктестік осы салада Бірыңғай дистрибьюторлық қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын. 
Бұл тендер 2013 жылы елдегі медицина мекемелерін қажет дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді көздейді. Жарияланған 559 топтаманың жалпы құны 49 млрд. теңге. Ал, оған қатысатын 49 тауар жеткізушілердің тоғызы отандық, - дейді тендер жариялаушылар. 
Марат ӘБДІХАЛИЕВ, «СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: 
- Тәртіпке сай алдағы 26 қыркүйекке дейін тендерлік комиссия берген өтініштерді саралап, қойылған талапқа қаншалықты сай екендігін қарайды. Комиссия ескертпелері өзіміздің арнайы вэб-сайтта көрсетіледі. Осыдан соң, тендердің екінші кезеңіне қатысушылар тізімі анықталады. 
Ал, тендердің екінші кезеңі қазан айының 4-інде, яғни баға ұсыныстарын қабылдаудан басталады. Бір ескеретіні, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізушілер тек қана қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрекет етуі тиіс. 
Марат ӘБДІХАЛИЕВ, «СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖШС БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: 
- Жеткізушілерге 2009 жылы 30 қазанда ел үкіметінің қабылдаған қаулысына сәйкес талаптар қойылады. Және «Самұрық-Қазына Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жүргізетін негізгі сатып алу қызметімен іске асады. 
Айта кету керек, былтырғы жүргізілген дәрі-дәрмекті сатып алуда отандық жеткізушілер қатары 14 пайыз болған. Ал, сатып алынған препараттардың 68 пайызы қазақстандық өндірушілерден келген. 


Тізімге қайта келу