Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Өз дәріміз өзімізге керек

15.09.2012

Өз дәріміз өзімізге керек

Айқын: 15.09.2012

Автор: МАРК СЕЛБИЕВ

Отандық фармацевтиканың сапасы өсіп келеді 
Қазақстан экономикасын шикізаттық тәуелділіктен арылтып, оны әртараптандыруға бетбұрыс жасау жолындағы негізгі бағыттардың бірі – отандық дәрі-дәрмек өндірісін жаңаша жандандыру. 
Фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін алдымен осынау аса қажетті де күрделі индустрия саласындағы отандық кәсіпорындарға қолдау жасалуы тиіс. Сол мақсатта 2009 жылдың ақпан айында отандық фармацевтика саласын бәсекелі ету үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық қоры аясында «СК-Фармация» ЖШС құрылған болатын. Бұл кәсіпорынның негізгі міндеті – мемлекет тарапынан кепілді түрде тегін медициналық қызмет көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек сатып алатын Бірыңғай дистрибьютор қызметін атқару. 
Қыркүйектің 13-і күні Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС-ның тендерлік комиссиясы дәрі-дәрмек және өзге де медициналық өнімдерді сатып алу бойынша тендерлік өтініштер салынған конверттерді ашу рәсімін өткізді. 
Жалпы құны 49 миллиард теңгені құрайтын 559 лот бойынша 46 жеткізуші өтініш берген болатын. Айта кетсек, 2012 жылы халыққа тегін мемлекеттік медициналық қызмет ұсыну бойынша медициналық өнімдер мен жабдықтар сатып алуға «СК-Фармация» ЖШС 60 миллиард теңгеден астам қаражат бағыттамақ. Бірақ халыққа қажетті дәрі-дәрмек сатып алуға келгенде отандық дистрибьютор кім көрінгеннің өнімін емес, ішкі нарықтағы импорттық тауарлардың орнын жергілікті өндірушілердің тауарымен алмастыру үшін отандық кәсіпорындардың өнімдеріне басымдық береді. Әрине, соңғыларының ұсынатын өнімдері сапа бойынша барлық талаптарға сай болуы тиіс. Дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер сапасына қойылатын жоғары талаптар өз кезегінде отандық фармацевтикалық кәсіпорындар шығаратын медициналық тауарлар сапасының жылдан-жылға жақсара түсуіне әкелуде. 
Медициналық тауарлар сатып алу жөніндегі конкурстың әділетті болуы мен толықтай ашықтығын қамтамасыз ету үшін «СК-Фармация» ЖШС тендерді екі кезеңмен өткізеді. Бірыңғай дистрибьютор - «СК-Фармация» дәрі-дәрмек заттарын сатып алу ережесінің негізі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тәжірибесін қолданады. Тендердің алғашқы кезеңінде тендерлік өтініштердің қолданыстағы заңнамалар талаптарына сәйкестігі тексерілсе, екінші кезеңінде аукциондық әдіс бойынша ең төмен баға анықталады. Егер тендерге қатысушыларға қатысты ескертулер болса, компанияларға сол кемшіліктерін көрсетілген мерзім ішінде түзетуіне мүмкіндік беріледі, - дейді Ермек Ясылов. 


Тізімге қайта келу