Баспасөз хабарламасы
25.07.2013
Бүгін Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды 2014 жылға сатып алудың екінші кезеңін жүргізуге кірісті.
Сатып алудың тендерлік рәсімінің екінші кезеңіне қатысуға рұқсат алған әлеуетті өнім берушілер бүгін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде барлық ауруханалар мен медициналық ұйымдарды 2014 жылы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету құқығын алу үшін күресуді жалғастыруда.
Сағат 10.00-де «Думан» орталығының кинозалында бағаны төмендету приципі бойынша конкурс басталды. «Ол үшін рәсім барысында конкурсқа жіберілген әлеуетті жаткізушілердің әрбір лот бойынша барлық бастапқы баға ұсыныстары жарияланады. Бәсекелестердің бағаларын зерттеп, әлеуетті өнім берушілер лот бойынша төменірек баға ұсыну арқылы өз бағаларын қайта қарау құқығына ие болады. СҚ-Фармация» ЖШС-ның Стратегиялық даму және PR бөлімінің бастығы Марат Әбдіхалиев өз сөзінде ең төмен баға ұсынған компания келесі жылы тиісті дәрілік затты және медициналық мақсаттағы бұйымдардың жеткізушісі болады деді.
БДҰ тәжірибесіне сәйкес әзірленген осындай тәсіл мемлекеттің халықты дәрімен қамтамасыз етуге беретін бюджет қаражатын елеулі үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Аукционға қатысуға рұқсатты тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің көпшілігі алды. Ол таңқаларлық жайт емес, себебі тендердік комиссия әрбір тендерлік өтінімнің қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексерді, әлеуетті өнім берушілерге ұсынылған құжаттардағы қателерді түзетуге мүмкіндік берілді. Өтінімдерде болған кемшіліктерді уақытында жойған компаниялар бүгін тендердің екінші кезеңіне қатысуда» деп түсіндірді М. Әбдіхалиев.
Оның айтуынша, аталған шара әлеуетті өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуі, сондай-ақ сатып алудың жариялылығы мен мөлдірлігін қамтамасыз етуі тиіс.
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті өнім берушілеріне талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес қойылады.
Бүгінгі аукионның нәтижесі бойынша сатып алынған бірінші қажеттегі вакциналар, онкология, гепатит, диабет, туберкулез, қан аурулары, ВИЧ және басқа да әлеуметтік маңызды ауруларды емдеуге арналған препараттар, сондай-ақ ауруханалардың күнделікті жұмысына қажетті медициналық мақсаттағы бұйымдар 2014 жылдың барысында еліміздің 1300-ден астам медициналық ұйымдарына жеткізілетін болады.
Қосымша ақпаратты «СК-Фармация» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Іңкәр Мирьякуповадан 55-97-04 телефоны, e-mail: inkar@sk-pharmacy.kz бойынша алуға болады.
Баспасөз хабарламасы
2013 ж.25 шілде Астана қ-сы