Міндетті медициналық қаралудан өтпегендерді жұмысқа алмау жөніндегі заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс
16.04.2014
Міндетті медициналық қаралудан өтпегендерді жұмысқа алмау жөніндегі заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс
Міндетті медициналық қаралудан өтпегендерді жұмысқа алмау жөніндегі заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс
16 сәуiр 2014. www.BNews.kz
Мәжіліс депутаттары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысында атап өтілгендей, қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнаманың құқықтық олқылықтары салдарынан медициналық қызмет көрсету нарығының серпінді дамуы, жаңа технологиялардың дамуы, жаңа дәрілік заттардың шығарылуы, медицина ғылымы мен практикада жаңа инновациялық бағыттарды қалыптастыру және енгізу жеткілікті деңгейде ескерілмеген. Осыған байланысты заң жобасының негізгі мақсаты –қолданыстағы заңнаманың құқықтық олқылықтарын жою, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ толымды медициналық қызмет көрсетуге азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету болып отыр.
Заң жобасы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеуді және басқаруды жетілдіруге, халықтың денсаулығын нығайтуға және өмір сүру жасының ұзақтығын ұлғайтуға, денсаулық сақтаудың кадрлық ресурсының әлеуетін арттыруға және дәрілік саясатты жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасын талқылау барысында депутаттар фармацевтикалық өнім сертификатын енгізу және оны уәкілетті органның беруі туралы норманы ұсынған, бұл сертификат дәрілік заттарды экспорттау кезінде қажет болады.
Мемлекеттің, жұмыс берушінің, азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін дамытуды қамтамасыз ету мақсатында міндетті медициналық қараудан өтпеген азаматтарды жұмысқа алмау туралы норма нақтыланды. Бұл норма кепілдік берілген тегін медициналық көмек бойынша профилактикалық медициналық қараудан өтпегендерге де қатысты.
Сондай-ақ, дәрілік заттар айналымы саласындағы фармацевтикалық инспекторат, елімізге фармакологиялық заттарды, биологиялық материалдарды әкелу рәсімі, тіндер мен мүшелерді трансплантациялауға қатысты нормалар едәуір жетілдірілген.
Айымгүл ӘБІЛЕВА



