БҚО-да қан айналым жүйесінің ауруынан болатын өлім-жітім 48%-ға азайды
11.05.2014
БҚО-да қан айналым жүйесінің ауруынан болатын өлім-жітім 48%-ға азайды
ОРАЛ. 11 мамыр 2014. www.BNews.kz
БҚО-да қан айналым жүйесінің ауруынан болатын өлім-жітім 48%-ға азайды
ОРАЛ. 11 мамыр 2014. www.BNews.kz
Батыс Қазақстан облысында қан айналым жүйесінің ауруынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 48%-ға төмендеген, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық кардиологиялық орталықтың басшылығына сілтеме жасап.
Дәрігерлер атап өткендей, мұндай жақсы көрсеткішке жүрек ауруларын бастапқы кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін скринингтік тексерістер арқылы қол жеткізілген.
Қазір өлім-жітім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 196-ны құрайды. Ал республикалық деңгей бұдан да жоғары – 256. Кардиологтардың айтуынша, мұндай нәтижеге барлық бөлімшелердің бірігіп жұмыс істеуі арқасында қол жеткізілген.
«Соңғы үш жылда қан айналым жүйесінің бұзылуынан болатын өлім-жітім азаюда. 2014 жылдың 1 тоқсанында бұл көрсеткіш 48%-ға төмендеді. Облыста 29 мың науқас диспансерлік есепте тұр», - деп мәлімдеді облыстық кардиологиялық орталық директорының орынбасары Эльмира Сүйеуғазиева.



