Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстан нарығы үздік әлемдік медицина техникасын өндірушілер үшін ашылатын болады

20.05.2014

Қазақстан нарығы үздік әлемдік медицина техникасын өндірушілер үшін ашылатын болады

20 мамыр 2014, ҚР ДСМ Баспасөз қызметі

Мамыр айында Мюнхен қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен товар Еуропалық нарыққа түскен кезде міндетті болып табылатын Еуропалық сапа сертификатын (CE таңбалау) беретін TUV SUD Product Service GmbH компаниясының арасында өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.

Келісімде медициналық техниканы шығару сапасын бағалау кезінде тәжірибемен, медициналық техниканы тіркеу және TUV SUD Product Service GmbH сертификаты болған кезде медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағында жеделдетіп тіркеу саласындағы ақпаратпен алмасу жолымен медициналық техниканың айналымы саласындағы екі жақты ынтымақтастық көзделген.

TUV SUD Product Service GmbH сертификаты бар медициналық техника үшін 5 жұмыс күні ішінде жеделдетіп тіркеу жүргізілетін болады, бұрын бұл мерзім 120 күнді құраған болатын.

Бұл шара медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу процедурасын жетілдіру мақсатында, сондай-ақ медициналық ұйымдардың инновациялық медициналық техникаға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданды

Тізімге қайта келу