Қызылордада қызылша құтырып тұр
20.05.2014
Қызылордада қызылша құтырып тұр
20 Мамыр 2014, ҚазАқпарат
Автор: Елубай Әуезов
Қызылордада қызылша құтырып тұр
20 Мамыр 2014, ҚазАқпарат
ҚЫЗЫЛОРДА. - Қызылордада қызылша ауруы өршіп тұр. Осы жылдың 7 ақпанынан 13 мамырына дейінгі аралықта алғашқы диагнозбен күдікті 31 жағдай тіркелген.
Бұл туралы облыстық коммуникациялар орталығының баспасөз мәслихатында облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Мэлс Жұбатқанов мәлім етті. Оның айтуынша, аурудың 5-уі сырттан (Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласы) келгендер. Бүгінде қызылша ауруының 9 дерегі зертханалық тексерулер нәтижесінде нақтыланды.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда сондай-ақ жұқпалы ішек аурулары, тамақтан улану жағдайлары біршама артып отыр. Алайда, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма тіркелмеген.
Автор: Елубай Әуезов



