Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстандық нейрохирургтердің тәжірибесі әлемдік медициналық қауымдастықтың назарын аударып отыр - Н. Назарбаев

09.09.2014

Қазақстандық нейрохирургтердің тәжірибесі әлемдік медициналық қауымдастықтың назарын аударып отыр - Н. Назарбаев

09 Қыркүйек 2014, ҚазАқпарат 

Бүгін "Астана-Опера" театрында өткен Х Азиялық нейрохирургтер конгресінің ашылу салтанатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысушыларға арнаған үндеуін оқып берді.

"Әлемнің көптеген елдерінің мамандары қатысып отырған мерейтойлық форумның тұңғыш рет Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстан Республикасында өтуі қуанышты оқиға. Бұл жаңа қалыптасып келе жатқан отандық нейрохирургияның үлкен жетістіктерге жеткенін көрсетеді. Қазақстандық нейрохирургтердің бірегей тәжірибесі мен ғылыми әзірлемелері әлемдік медициналық қауымдастықтың назарын біздің елімізге аударып отыр", - делінген үндеуде.

Айта кетейік, конгресс 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Тізімге қайта келу