Елімізде алғаш рет С гепатитіне шалдыққан науқастың бауыры ауыстырылды
08.08.2014
Елімізде алғаш рет С гепатитіне шалдыққан науқастың бауыры ауыстырылды
08 Тамыз 2014, ҚазАқпарат
Елімізде алғаш рет С гепатитіне шалдыққан науқасқа бауыр трансплантациясы жасалынды. Бұған дейін мұндай операция тек В гепатитімен ауырғандарға ғана жүргізілетін. Шараны отандық дәрігерлер жапон хирургтерімен бірлесе өткізді, деп хабарлады 24 kz.
2 операция бір мезетте жасалынды. Туған апасы 41 жастағы азаматқа өзінің бауырын берген. Мамандар 8 айдан кейін науқас толығымен жазылатындығын айтады. Осыдан айыққан азамат сары аурумен енді қайта ауырмайды.
«Ертең айырбастаған бауырды гепатит қайтадан істен шығаруы мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін, жаңа тәсіл қолданылды. Отандық дәрігерлер тың тәсілді Жапонияға барып, үйреніп келді. Бүгінде күншығыс елінің мамандары Қазақстанға келіп, біздің хирургтермен бірге осы операцияны жасады», - деді Республикалық трансплантация орталығының жетекшісі Жақсылық Досқалиев.



