Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Алматы облысында тұмауға қарсы вакцинаның 200 мыңнан астам дозасы сатып алынды

06.11.2014

Алматы облысында тұмауға қарсы вакцинаның 200 мыңнан астам дозасы сатып алынды

06 Қараша 2014, ҚазАқпарат

Эпидемиологиялық маусымның (2014 жылдың 2 қазан) басталуынан бері Алматы облысында жіті респираторлық вирустық жұқпалардың 4534 оқиғасы тіркелді.

2014-2015 жылдардағы эпидемиологиялық маусымға облыстық бюджеттен вакцинаның 222 849 дозасын сатып алу үшін 162 млн. теңге қаражат бөлінді, соның ішінде 105 млн. облыстық денсаулық сақтау басқармасынан, тағы 57 млн. - аудандық медициналық ұйымдардан.

Бүгінде тұмауға қарсы вакцинаның 141 179 дозасы сатып алынып, 80 713 адамға екпе жасалды.

Тұмауға қарсы тегін екпе жасатуға сәбилер үйлері, жетімдер үйлері, мүгедектер мен қарттар үйлері, сондай-ақ мамандандырылған мектеп-интернаттардағы, сондай-ақ иммунитеті төмен жиі ауыратын балалар, созылмалы сырқаттарға шалдыққан 65 жастан асқан егде жастағы адамдар, медициналық қызметкерлер, жүктіліктің 2-ші және 3-ші триместріндегі әйелдер жатқызылады.

Сонымен бірге тұмауды, жіті респираторлық вирустық жұқпаларды (ЖРВЖ) және ауыр респираторлық вирустық жұқпаларды (АРВЖ) қадағалауды жетілдіру мақсатында облыста 2008 жылдан бастап СDC халықаралық ұйымымен бірлесіп «Барлаушы эпидемиологиялық қадағалау» жобасы іске қосылды. Оның жүйесі АРВЖ белгілері бар емделушілер мен АРВЖ белгілері бар ауруханада жатқан адамдардан стандартты ақпаратты жинап, жыл бойы зертханалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, тұмаудың кеңінен таралуына жол бермеу үшін эпидемиологиялық мәліметтерді талдау және түсіндіруге, аумақта таралған тұмаудың штамдарын уақытылы анықтауға жағдай туғызады, деп атап өтті мамандар. 

Тізімге қайта келу