Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Павлодар облысында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының қорытындысы шығарылды

02.12.2014

Павлодар облысында «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының қорытындысы шығарылды

02 Желтоқсан 2014, ҚазАқпарат

Павлодар облысында «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасының қорытындысы шығарылды.

Аймақ басшысы Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бірінші кезеңінің аралық қорытындысы шығарылды.

Облыс әкімі атап өткендей, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру барысында біршама жемісті нәтижелерге қол жеткен. Алайда, табысты нәтижелермен қатар, бірқатар өзекті проблемалар да бар. Мәселен, ана өлімі оқиғалары тіркелген Ақтоғай, Ертіс, Лебяжі, Май және Успен аудандарының болашақ аналарына әлі күнге дейін материалдық ынталандыру төленбеген көрінеді.

Ал енді Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданы бойынша «Саламатты Қазақстан 2011-2015» мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылған шаруалардың бірінші кезеңінің қорытындысы көңіл көншітерліктей. Мамандардың ұсынған мәліметіне сүйенсек, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және басым бағыттарын жүзеге асыруда жүйелі түрде қызмет атқаруда.

Сонымен қатар мембағдарлама бойынша мынадай көрсеткіштер де оң ілгерілеушіліктер бар: халықтың туу деңгейiнiң 27,0-ден 28.0-ге дейін артуы, табиғи өсуі 24,0-ден 25,3-ке арту көрсеткішін берген. Нәресте өлiм-жiтiмiнiң көрсеткiшiнiң -1000 тiрi туылғандарға шаққанда 12,1-ден 11,0-ге төмендеуі байқалған.

Ана мен бала денсаулығын қорғауда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының енгізген «Тиімді перинатальды шеберлік», «Балалар ауруларын кіріктірілген жүргізу» тақырыбын оқыту нәтижесінде, сонымен қатар ерте жастан балалар арасында егу жұмысының т.б іс-шараларды жүргізу нәтижесінде нәрестелердің өлім-жітім көрсеткіштерін төмендетуде оң өзгерістер бар.

Жалпы, бағдарламаны жүзеге асыру тек қана денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жүктелген міндет емес, оған барлық тиісті орындар атсалысуы керек. Бағдарлама аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік аурулар деңгейін төмендету, дұрыс тамақтану, жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының денсаулығы, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық құтқару қызметін жолға қою секілді өзге де мәселелер қамтылады.

Қазіргі күні аймақта осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударылуда. Әсіресе, соңғы жылдары жиі кездесетін инфаркт, инсульт, қант диабеті, туберкулез ауруларының алдын алу шаралары күшейтілді. Ана мен бала денсаулығы да басты назарда. Сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулардан сақтандыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Жас ұрпақты есірткі, ішімдік, темекі сияқты зиянды әдеттерден сақтандыру бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Күнделікті өмірде орын алып жүрген үлкенді-кішілі қылмыстардың дені осы ішімдік пен есірткінің салдарынан болатынын біз жақсы білеміз. Ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-ана ұрпағым жаман болсын демейді. Дегенмен, соны түсінбей, ата-анасының тапқан-таянғанын шашып, айығуы қиын дертке ұшырап жатқан жастарымыз да жоқ емес.

Тізімге қайта келу