Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Алматыда 20 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады

26.09.2014

Алматыда 20 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады

26 Қыркүйек 2014, ҚазАқпарат

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, алдағы эпидемиялогиялық маусымда А (H1N1), A (H3N2) және B үлгідегі вирустары ушығады деп хабарлайды Алматы қ. тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департаменті. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 2014-2015 жылғы маусымда тұмауға қарсы вакцинаның құрамына жоғарыда келтірілген вирустардың штаммдары енгізіледі. Сарапшылардың айтуынша, егу тұмауды алдын алудың ең тиімді әдісі болып қала бермек. «Әсіресе, балаларға, қарттарға, жүкті әйелдерге және басқа да адамдарға егу жасау үлкен маңызға ие», - дейді сарапшылар.

Алматыда 20 қыркүйектен бастап жыл сайынғы тұмауға қарсы егу жұмыстары басталады. Тұмаумен жиі ауыратындарға, диспансерлік есепке алынған алты айдан асқан нәрестелерге, 60 жастан асқандарға, екінші және үшінші триместр кезіндегі жүкті әйелдерге, медициналық қызметкерлерге, қарттар үйінің адамдарына, балалар үйі мен нәресте үйлерінің мүгедектері және тәрбиеленушілеріне вакцина тегін жасалады.

Қалғандар вакцинаны жеке медорталықтарда ақылы негізде қабылдайды.

Тізімге қайта келу