Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Халықаралық сарапшылар Астанада онкологиялық дерттерді емдеу мәселелерін талқылайды

23.09.2014

Халықаралық сарапшылар Астанада онкологиялық дерттерді емдеу мәселелерін талқылайды

23 Қыркүйек 2014, ҚазАқпарат

Алдағы 24-26 қыркүйек аралығында Астана қаласында Еуропа, ТМД және АҚШ елдерінің онкологиялық орталықтарының дәрігерлері, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Қазақстанның жетекші медициналық университеттерінің және зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, ғалымдары қатысатын Халықаралық Онкологиялық Симпозиум болады, деп хабарлайды Ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі.

Қатысушылардың алдында Премьер-Министрдің Орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі басшылығының өкілдері құттықтау сөз сөйлейді.

Симпозиум, Қазақстандағы онкологиялық қызметті дамытуға және 2016 жылдың соңына таман Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығын (ҰҒОО) құруға бағытталған Назарбаев Университеті мен UPMC (Питтсбург Университетінің Медициналық оралығы) ынтымақтастығының аясында өткізіледі.

Симпозиум күндерінде онкологиялық дерттерді емдеудің ең соңғы заманауи әдістері, диагностикасы талқыланатын болады. Іс-шара, онкология саласындағы соңғы технологиялық және клиникалық жетістіктердің көрсетіліміне арналған тиімді кәсіби алаңқай болуға тартылған.

Симпозиумның бағдарламасы «Обырды емдеу. Жаһандық көрініс», «Қазақстандағы онкологиялық қызметтің заманауи ахуалы», «Обырды емдеудегі көпсалалы әдіс» және басқалар сияқты жалпы тақырып бойынша кеңейтілген отырыстарды өткізуді жоспарлап отыр. Бұдан әрі Симпозиумның жұмысы мына тақырыптарда жеке секциялар мен семинарлар аясында жалғасады: «Сүт безі обыры», «АІЖ обырын емдеу: Метастаздық колоректальлді обырды емдеудегі жаңа бағыттар», «Дерттің бастапқы кезеңіндегі клиникалық сынақтар және дәрілік препараттарды әзірлеу барысы», «Ұлттық ғылыми онкология орталығын құру: Қазіргі күндегі соңғы жаңалықтар» және көптеген басқалар.

Сонымен қатар, мейіргерлерге арналған жеке сессия өтеді, әрі осының аясында онкологиялық күтімді дамыту мәселелеріне және онкологиядағы мейіргер ісінің ерекшеліктеріне арнап АҚШ сарапшылары баяндама жасайды.

Тізімге қайта келу