Денсаулық сақтау саласы 21,4 млрд. теңгеге қаржыландырылды - БҚО
23.09.2014
Денсаулық сақтау саласы 21,4 млрд. теңгеге қаржыландырылды - БҚО
23 Қыркүйек 2014, ҚазАқпарат
Денсаулық сақтау саласы 21,4 млрд. теңгеге қаржыландырылды - БҚО
23 Қыркүйек 2014, ҚазАқпарат
Биыл өңірдегі денсаулық сақтау саласына 21,4 млрд. теңге бөлінді.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, соның ішінде тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне 19,3 млрд. теңге қаралды. Бұған қоса облыстық мәслихаттың 23 қыркүйегіндегі сессиясында облыс бюджетіне толықтырулар кезінде денсаулық сақтау ұйымдарына қосымша 513,2 млн. теңге берілді.
Өңір тұрғындарының денсаулығын нығайтуда оң көрсеткіштерге қол жеткізілуде. Сәби өлімінің 12,1, туберкулезбен ауырудың 18,1, туберкулезден өлім деңгейінің 27, қан айналымы жүйесі ауруынан өлім деңгейінің 24,2 пайызға төмендеуі осыны көрсетеді.
Дәрігер кадрлардың жетіспеушілігін азайту мақсатында жас мамандарды тарту жұмыстары жүргізілуде. 2014 жылы облысқа 63 жас маман келсе, соның 32-сі ауылдық жерлерге жіберілді. 212 дәрігер, 1382 орта медициналық қызметкер өз біліктілігін ел ішінде арттырса, 4 дәрігер «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерде тағылымдамадан өтіп келді.
Орал қаласында 300 орындық қалалық көпбейінді аурухананың және өңірде ауысымына 35 адамды қабылдайтын 6 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде.



