Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Павлодар кәсіпорны қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе жасау үшін 6,5 млн теңге жұмсады

04.10.2014

Павлодар кәсіпорны қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе жасау үшін 6,5 млн теңге жұмсады

04 Қазан 2014, ҚазАқпарат

Ақсу ферроқорытпа зауытында қызметкерлерге тұмау мен жіті вирустық инфекцияларға қарсы тегін екпелер жасала бастады, деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

«Екпе ерікті түрде жүргізіледі. Вакцина өткен жылғы көрсеткішпен шамалап алынған. Зауыт қызметкерлеріне екпе жүргізу үшін 2014 жылға шамамен 6,5 млн теңге қарастырылған», - деді «Еуразия» МО» емханасының меңгерушісі Лариса Карпенко.

Ақсу ферроқорытпа зауытының медициналық орталығына «Инфлювак» (Нидерланды елінің өнімі) екпесі әкелінді. 15 күннің ішінде өндіріс ошағында қызметкерлердің жартысынан астамына екпе жасау көзделген.  

Тізімге қайта келу