Биылғы эпидмаусым алдында тұмауға қарсы 1,2 млн.-нан астам вакцина дозасы сатып алынды - Ж.Бекшин
03.11.2014
Биылғы эпидмаусым алдында тұмауға қарсы 1,2 млн.-нан астам вакцина дозасы сатып алынды - Ж.Бекшин
03 Қазан 2014, ҚазАқпарат
Биылғы эпидмаусым алдында тұмауға қарсы 1,2 млн.-нан астам вакцина дозасы сатып алынды - Ж.Бекшин
03 Қазан 2014, ҚазАқпарат
2014-2015 жылдың эпидемиялық маусымы алдында тұмауға қарсы 1,2 млн.-нан астам вакцина дозасы 874 млн. теңгеге сатып алынды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары - еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
«2014-2015 жылдың эпидемиялық маусымы алдында тұмауға қарсы 1,2 млн.-нан астам вакцина дозасы 874 млн. теңгеге сатып алынды. Былтыр 549 млн.теңгеге 798 мың доза алған болатынбыз. Мемлекеттік бюджет қаражатына жұқпалы ауруларға шалдығу қаупі ең көп әлеуметтік топтар - созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын, иммунитеті нашар және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері мен жүкті әйелдер егіледі», - деді Ж.Бекшин тұмау және ЖРВИ ауруларының маусымдық белең алуына арналған брифингте.
Оның айтуынша, вакцинаны төлемді түрде алуға да болады.
«Тұмауға қарсы ақылы вакцинация жекеменшік орталықтарда, емханалардың екпе кабинеттерінде жүргізіледі. Оның құны әр өңірде 2200 теңгеден 3000 теңгеге дейін болады», - деп атап өтті Ж.Бекшин.
Бас санитар дәрігердің мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда тұмау мен ЖРВИ ауруын 600-ден 1 млн. адамға дейін жұқтырады, яғни бұл ел халқының 3,5-нан 10%-ға жуығы деген сөз.
Айта кетейік, вакцина егілгеннен кейін 14 күннен соң күшіне енеді, оның қорғаныш белсенділігі 6-дан 12 айға дейін созылады.



