Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Баспасөз хабарламасы

27.06.2011

Астана қаласы

Бірыңғай дистрибьютор түпнұсқа (брендалық) Диданозиннің АРВ-препаратын (Видекс) жалпы сомасы 24,5 млн. теңгеге сатып алды. «СҚ-Фармация» компаниясы 111 мыңнан астам таблетка сатып алды, осымен АҚТҚ (ЖҚТБ) емдеуге арналған барлық дәрілік заттарды атып алуды аяқтады.

Диданозин препаратын бұрынырақ сатып алу «Бристол Майерс Сквибб» компаниясының (түпнұсқа препаратты өндіруші) өткен жылдан бастап ТМД елдері, оның ішінде Қазақстан Республикасы үшін дәрілік заттарды өндіруді және жеткізуді тоқтатуына байланысты жүзеге асырылмаған болатын. Сонымен қатар, Қазақстанда осы препараттың тіркелген генеретигі жоқ.

Бірыңғай дистрибьютор өткен жылдан бастап «Бристол Майерс Сквибб» компаниясымен ұзақ және күрделі келіссөздер жүргізді, осының арқасында қазақстандық науқастарға ерекшелік берілді. Препараттың алғашқы препараты ағымдағы жылдың маусым айының аяғында бірыңғай дистрибьютордың қоймасына түседі, ал шілдеде өңірлерге жөнелтіледі.

Бүгінгі таңда қалған АРВ-препараттарын жөнелту жоспардан 99%-ды құрайды.

Осы топтағы препараттардың әлеуметтік маңыздылығының жоғары болуына байланысты «СҚ-Фармация» тұрақты негізде АРВ-препараттармен жағдайды мониторингілеуді жүзеге асырады.

«СҚ-Фармация» ЖШС денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі шеңберінде стационарлар үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алумен және оларды емдеу мекемелеріне жеткізумен айналысады. Жалғыз ғана ерекшелік – ересектер үшін гемофилиямен ауыратындарға қан ұйы­ту факторы және диабетпен ауыратындарға инсу­лин­дер. Жеңілдікпен қамтамасыз ету, сондай-ақ амбулаториялық науқастарды емдеу үшін препараттарды сатып алумен жеткізуді денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымына кіреді.

«Самұрық-Қазына Фармация»
Тел. +7 7172 57-12-87, факс +7 7172 57-12-85,
Дамир Мұқанов mukanov@sk-pharma.kz, www.sk-pharma.kz


Тізімге қайта келу