Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Әлемдік стандарттар бойынша отандық өндіріс

16.06.2012

Әлемдік стандарттар бойынша отандық өндіріс
Айқын: 16.06.2012

Мемлекет басшысы фармацевтикалық өнеркәсіпті Қазақстан экономикасын дамыту мен Қазақстанның индустриялық тұрғыдан алға ұмтылуын қамтамасыз етуге қабілетті сала ретіндегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Бұл ретте бәсекеге қабілетті отандық фарминдустрияны құру - экономиканың мәселесі ғана емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі екендігіне, сондықтан мемлекет «СК-Фармация» ЖШС міндеттерінің бірі болып табылатын осы саладағы отандық өндірушілерді қолдау қажеттігіне ерекше назар аударылады.

«СК-Фармация» ЖШС үшін іс-әрекеттердің «Жол картасы» сияқты болған Қазақстанның фармацевтикалық саласын дамыту стратегиясы ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстанды серпінді индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде әзірленген 2010-2014 жылдарға арналған ҚР Фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту бағдарламасында белгіленген. Бұл салалық құжаттың негізгі мақсаты - оны іске асыруды аяқтағанда елдің дәрілік заттарға мұқтаждығын табиғи түрде отандық өндіріс есебінен 50% қанағаттандыру дәрежесіне қол жеткізу. Мемлекеттік оператор ретінде «СК-Фармация» ЖШС міндеттерінің бірі - отандық өндірушілерді қолдау, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ДЗ және ММБ) сатып алу кезінде оларға пұрсаттылықтар ұсыну, қолда барды жаңғырту және халықаралық стандарттар бойынша импорттың орнын алмастыратын жаңа фармөндірісін құру кезінде бизнес-қауымдастыққа қолдауды қамтамасыз ету. 

Мемлекеттің дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу саласындағы саясаты негізгі ынталандыру механизмдерінің бірі болып табылады. Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдік берілген көлемінің жүйесі бойынша «СК-Фармация» ЖШС-нің дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу көлемі 2012 жылға 60 миллиард теңгені құрайды. Бұл ретте, ішкі нарықтағы импорттық тауарларды жергілікті өндірістің дәрілік заттарына алмастырудың тұрақты үрдісі жүріп жатыр, яғни жеткізіп берушілерді конкурстық іріктеу кезінде қазақстандық кәсіпорындарға (олардың ұсынатын өнім сапасы бойынша барлық талаптарды орындау шартымен) басымдық беріледі. Осылайша, табиғи түрдегі мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілердің үлесі 2009 жылы бірыңғай дистрибуция жүйесін енгізу сәтіндегі 10% бастап 2012 жылы 68%-ға дейін артты. 

«СК-Фармация» ЖШС-нің жеті жылдық ұзақмерзімді жеткізіп беру шарттары отандық өндірушілерді қолдауға арналған тағы бір механизм болды. Бұл келісімшарттардың талаптары былайша - оларға сатып алудың тендерлік рәсімдері жатпайды, алайда, олардың дұрыс жұмыс істеуі үшін өндірушілер өз өнімдеріне халықаралық үлгідегі сапа сертификаттарын (GMP - дәрілік заттар үшін және ІSO - медициналық мақсаттағы бұйымдар үшін) алуға міндетті. Бүгінгі таңда базасында өндірісті жаңғырту бойынша жобалар іске асырылып жатқан бірқатар ірі отандық кәсіпорындармен осындай ұзақмерзімді 14 шартқа қол қойылды. Ынтымақтастықтың үлгісі ретіндегі мысалдар арасында - «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ бар, кәсіпорынның технологиялық жағынан қайта жарақталуынан кейін олардың өнімдеріне қазақстандық нарықта бірінші болып GMP халықаралық стандарты берілді (Good manufacturіng practіce - «Тиісті өндірістік практика»). 

Осындай талаптар қоя отырып, «СК-Фармация» ЖШС қазақстандық өндіруші-компаниялар өздері жасап шығаратын өнімнің сапасын арттыруға қол жеткізу үшін барлық күш-жігерін салуға ұмтылады, өйткені бұл бәсекеге қабілетті фармацевтикалық саланы құрудың, оның жоғары экспорттық әлеуетін іске асырудың бірден-бір жолы болып табылады. Салалық бағдарламаға сәйкес, 2014 жылы Қазақстанның фармацевтикалық секторын толығымен GMP стандарттарына ауыстыру жоспарлануда, одан кейін отандық компаниялар шетелдік нарыққа толық шығуды жүзеге асыра алады. Қазірдің өзінде-ақ, бірқатар қазақстандық өндірушілер экспортқа байланысты табысты жұмысымен мақтана алады: «Химфарм» АҚ өзі жасап шығарған 90-нан астам препарат атауларын жыл сайын Ресейге және Белоруссияға экспортқа шығарады. Соңғы екі жылдың ішінде бауыр ауруларын емдеуге арналған, «Глобал Фарм» жасап шығарған «Гепадиф» препараты шетелде белсенді түрде сатылуда. 

Сонымен қатар отандық өндірушілерге мүмкіндігінше қолдау көрсетумен бірге, фарминдустрияда өзара тиімді халықаралық іскерлік қарым-қатынас орнатуға Қазақстанда үлкен назар аударылады. Республика аумағында медициналық препараттардың бірлескен өндірісін жасау үшін шетелдік компаниялармен ынтымақтастық орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, қазір жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту және толық циклды зауыттар салу үшін инвесторлар тартылуда. Оның үстіне, республикада өз өндірісін оқшаулауға дайын шетелдік өндірушілер де фармацевтикалық нарықтың отандық ойыншылары санатына жатады да, тиісінше мәртебесі бойынша оларға тиесілі барлық айрықша құқықтарды пайдаланады. 

Заманауи әлемдегі кооперацияның кез келген саласында табысқа қол жеткізуде маңызды рөл атқаратынын түсінудің нәтижесінде осы қызмет бағытын «СК-Фармация» ЖШС артықшылықтарының біріне айналдырды. Мамыр айында өткен V Астана экономикалық форумы әлемдік бизнес-қауымдастығымен жаңа байланыстар орнатуға үлкен мүмкіндіктер берді. Оның шеңберінде «Медицинаны және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытудың өзекті проблемалары» тақырыбына панельдік сессия ұйымдастырылды, оның ұйымдастырушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «СК-Фармация» ЖШС, «Назарбаев Университеті» АҚ болды. Есте қаларлық жайт, отырыстың нақты қорытындысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің үш ірі фармацевтикалық компаниялармен - «Санофи-Авентис Қазақстан» (Франция), «Мерк Шарп энд Доум» және «Пфайзер Эйч-СИ-Пи Корпорэйшн» (АҚШ) - жасалған өзара түсінушілік туралы бірқатар меморандумға қол қою болды. Тараптардың қол қойылған келісімдері шеңберіндегі ынтымақтастық спектрі айтарлықтай кең. Бұл Қазақстанда созылмалы вирусты гепатит ауруларын төмендету жөніндегі кешенді бағдарламалар үшін және республикада вакциналаудың оңтайлы күнтізбесін құру бойынша бағдалармалар үшін ұсынымдарды әзірлеу, қант сусамырын бақылауды және ерте анықтауды жақсарту, сүт бездерінің қатерлі ісігі бар әйелдердің өміршеңдік көрсеткішін арттыру мәселелеріндегі сындарлы ынтымақтастық. Сондай-ақ онкологиялық ауруларды емдеу тиімділігі жөніндегі бағдарламаға ұсынымдарды қабылдау, халықаралық стандарттарға сәйкес, республикада ревматологиялық және кардиологиялық аурулардың алдын алу және емдеу сапасын жақсарту бағдарламаларын жасау бөлігіндегі ынтымақтастық. Сөзсіз, өндірушілермен тікелей келісімшарттар жасаудың нәтижесіндегі ынтымақтастық бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Бұл құжаттарға «СҚ-Фармация» ЖШС-ның ықпалымен қол қойылды және «Саламатты Қазақстан» Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыруға жасаған тағы бір қадам болды. 


Тізімге қайта келу