«СК-Фармация» арқылы сатып алынатын отандық өнім көлемі 69 пайызға жетті
25.12.2012
«СК-Фармация» арқылы сатып алынатын отандық өнім көлемі 69 пайызға жетті
Хабар (ТВ): 25.12.2012
«СК-Фармация» еліміздегі емдеу мекемелерін кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етеді. 25 түрлі вакцина, диабет, гепатит С, қатерлі ісік ауруларына шалдыққан науқастарға қажетті дәрілер, серіктестік сатып алатын медициналық препараттар тізімінде жалпы жиыны 1 мыңға тарта атау бар.
Санжар ОРАЛОВ, «СК-ФАРМАЦИЯ» ЖШС МАРКЕТИНГ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
- Ауруханалар дәрі-дәрмек сатып алу үшін өздеріне қажетті дәрінің көлемін айтып, алдын-ала тапсырыс береді. Медициналық препараттардың қай уақытта қолда болуы тиіс екенін де айтып қояды. Соған сай біз препараттарды сатып аламыз. Өнім өндірушілер оны біздің қоймаларымызға әкеп тастайды.
Қазір серіктестік келер жылдың қорын әзірлеу үстінде. Дәрі-дәрмек өндірушілер өз өнімдерін желтоқсанның 10-ынан-ақ серіктестіктің сақтау қоймаларына жеткізе бастады. Бұл үдеріс енді желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Кейін тауар тоқсан сайын келіп тұрады.

- Біз сатып алатын барлық дәрі-дәрмектер бойынша тендер өткізіп, жалпы көлемі 68 миллиард теңгеге келісімшарт жасастық. Тендер қорытындысы бойынша, «СК-Фармация» 3,6 миллиард теңгені үнемдей алды.
Оның үстіне, серіктестік отандық тауар өндірушілермен көлемі 6 миллиард теңгеге жеткен ұзақ мерзімді келісім шартқа отырды. Қазақстанға келетін медициналық препараттардың ішіндегі отандық өнімнің үлесі 69 пайызға дейін жетті.