Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмекті сатып алуға тендер жарияланды
02.07.2013
Медициналық қажеттіліктер министрлік бекіткен тізімге сәйкестендірілген.
Тегін медициналық көмектің көлемін арттыру мақсатындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды 2014 жылға сатып алу науқаны басталды. Медициналық қажеттіліктер Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізіміне сәйкестендірілген. Және олардың әрбір атауы бойынша шекті бағалары да көрсетілген.
Тендер қорытындысы бойынша тегін медициналық қызмет көрсететін ауруханалар бірінші қажеттегі дәрілерді, сондай-ақ, онкология, гепатит, диабет, туберкулез, қан және ВИЧ ауруларымен ауыратындарға арналған препараттарды сатып алады.
Жұпар Байпақбаева, «СҚ-Фармация» ЖШС маркетинг бөлімінің басшысы:
Бұл тендердің қорытындылары арқылы біз бүкіл еліміздегі тегін медициналық көмектің кепілді берілген көлеміндегі қызмет көрсететін медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.
Гүлбағда ҚАЙРАТҚЫЗЫ