Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Өмір – қозғалыс

26.12.2013

Халық даналығында: «Өмір – қозғалыс, ал қозғалыс дегеніміз нағыз қажет саналатын тіршілік» деп айтылған екен. Буын дертіне шалдыққан жандардың қалыпты өмір сүруі үшін жалғын мүмкіндік – эндопротезирование. Жыл сайын 30 мың қазақстандық қайта қалпына келтіру отасын жасатуға зәру. Елімізде екі жылдан бері буын ауыстыруға арналған мемлекеттік квота жұмыс жасап келеді. Қарағандылық Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығы әр жастағы науқастарға өздігінен еркін қозғалу мүмкіндігін сыйлап жатқан үздік клиниканың бірі. 2008 жылдың қараша айынан бастап аталған орталық жоғары деңгейде мамандандырылған жамбас буынын эндопротездеу медициналық көмегін көрсетуде. Осы уақытқа дейін клиникалық орталықтың жеткен жетістіктері мен атқарылған сапалы қызметі туралы Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы облыстық травматология және ортопедия орталығының директоры Ержан Нурлыбаевпен сұқбаттасқан едік.

– Ержан Шәкірұлы, травматология және ортопедия орталығы облыстық травматология саласындағы жалғыз мекеме болып табылады. Жоғары деңгейде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде сіздің клиника жетекші орынға ие.

– Бүгінде Денсаулық сақтау министрлігінің аймақтарға инновациялық технологияны енгізуге байланысты жобасының арқасында республикалық деңгейдегі емханалардың қатарына қосылдық. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты: әртүрлі жарақат алудан болатын өлім санын азайту, диагностикалық мүмкіндікті жетілдіру, қозғалыс аппаратына таңылған және зақымданған науқастарды емдеу және оңалту. Жыл сайын біздің орталықтан әртүрлі дәрежеде жарақат алған алты мыңға жуық науқастар ем қабылдайды. Біздегі білікті мамандар медициналық көмек көрсетеді. Клиникада тек қарағандылық тұрғындардан бөлек Қазақстанның және ТМД елдерінің әр бөлігінен емделеді. Осындай жағдайдың жасалуына науқас өз медициналық мекемесі мен дәрігер таңдау құқығын беретін денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесі негізінде мүмкіндік алды. Бұл жүйе тек емделушіге емес, емханаға да өзіндік пайдасын тигізеді. Аталған жүйе арқылы медициналық мекемеге «ақша науқаспен келеді» деп аталатын құрылым арқылы үлкен қаражат игеруіне мүмкіндік туады. Квота арқылы келген жағдайда науқасқа қаражатты мемлекеттік бюджет төлейді. Денсаулық сақтаудың жаңа жүйесі науқасты жоғары деңгейде мамандандырылған емдеу тәсілдері дамыту және дәрігелердің жалақы мөлшерін көтеруге мүмкіндік берді. Бізде емделуші біздің орталықты таңдау үшін барлық жағдай жасалған. Клиника халықаралық стандарт талаптарына жауап беретін заманауи диагностикалық құралдармен жабдықталған. Қазақстанның және жақын шет мемлекеттердің жоғары деңгейлі ғылыми-зерттеу орталықтарымен белсенді ынтамақтастық байланыс жасау қозғалыс аппарат аурулар мен жарақатты емдеу барысында заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Аталған орталық бес жыл бұрын жоғары деңгейде мамандандырылған жамбас буынын эндопротездеу медициналық көмегін көрсету жұмысын бастаған болатын. Бұл саладағы жетістіктеріңіз қаншалықты?

Өздеріңіз байқап көріңіздер, 2010 жылы біз 80 науқасқа ғана көмек көрсете алсақ, бүгінде емделушілердің саны 600 адамға жетті. Сондай-ақ, тізе буынын эндопротездеу үшін жасалатын оталар енгізілді.

Демек сіздер қарт науқастардың аяғына жасайсыздар ма... Бұрынырақ кәрі жастағы адамдардың жамбас буынынан алған жарақаты емдеуге келмейтіндей көрінетін емес пе еді?..

Біздің клинакада кәрі немесе үлкен жастағы науқастардың жамбас бөлігінен алған жарақаттарын жедел емдеу мүмкіндігі қарастырылған. Жамбас буыны сынған жедел жағдайда клиникаға түскен науқасқа стационарда болған бірінші күні-ақ жамбас буынын эндопротездеу медициналық көмегі көрсетіледі. Жылына осы жағдайда 450-ге жуық науқас ем қабылдайды. Ота жасалғаннан кейінгі ерте оңаулту жұмыстарынан кейін адамдар өз аяғымен стационарға ауысады.

Балтаққа сүйеніп келіп өз аяғымен үйіне қайтатын науқастардың қатарында қарттар ғана емес, балалар да баршылық...

Біздің орталықта арнайы қозғалыс жарақатын алған және туыла пайда болған ортопедиялық потологиясы бар балаларға арналған травматология және ортопедия бөлімі бар. Бөлімге ұзын трубалық сүйекке титан шегелерімен остеосинтез жасау енгізілген және белсенді пайдаланылады. Сондай-ақ, туылу кезінде баланың жамбас остеотомиеясы және ацетабулопластикасынан жамбасының шығуы кезінде жедел ем жүргізу шаралары қарастырылған. Клиникада аймақтың ешбір емханасында жоқ барлығы жеті бөлім бар. Күндіз-түні қызмет ететін стационарда мыңдаған жан ем алған 210 орын қарастырылған. Сонымен қатар 14 мың науқас травматалогиялық пунктерде амбулаторлы ем қабылдайды.

Халық сіздердің клиника жанында құрылған оңалту және қалпына келтіру медициналық орталығын мақтап жатады...

2011 жылы өз қызметін бастаған, қазірде заманауи құралдармен жабдықталған оңалту орталығы – біздің де мақтанышымыз. Бұл жерде алған жарақаттың қауіпті зардабын азайту және жоғарғы-төмен орналасқа сүйектердің қайта қалпына келтіруін қамтамасыз етеді.

Оңалту - денсаулықтың қайта қалпына келгеннен кейінгі атқарылатын жұмысы ғой. Жалпы науқас өз дертін жеңуде не істеу керек?

Денсаулықтың жақсаруы – барлық ем қабылдау шараларын қоса алғанда ұзақ жүретін үрдіс. Біріншіден, науқастың дені сау болуын барынша іштей қалауы өте маңызды. Екіншіден, біздің орталықта білікті маманның көмегімен көрсетілетін заманауи құрал-жабдық және сапалы медициналық көмек қажет. Біздің орталықта 383 қызметкер, 60 дәрігер және 165 орта медициналық жұмыскер қызмет етеді. Әрине, уақтылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің орын ерекше екенін атап өту қажет.

Ержан Шәкірұлы, орталықтың алдағы жоспары қандай? Жаңа технологияларды енгізу арқылы басқа да ауру түрлерін емдеу жоспарда бар ма?

«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау бағдарламасын дамыту тақырыбына оралайын. Жоғары дәрежелі маман дайындау бағытына арналған мемлекеттік көмек арқасында біздің мамандар үлкен тәжірибе бөлісетін халықаралық сипозиумдар, конференцияларға қатысуға мүмкіндігі бар. Сондықтан біз орнымызда тұрып қалмаймыз. Болашақта бел омыртқа жарақатын емдеуге, артроскопиялық оталар жасауды дамытуға, кішкене буындарды протездеуді қолға алмақпыз және дамытамыз.

Игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Әңгімңізге рақмет!


Тізімге қайта келу