Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

5 жылда 58 млрд теңгеге отандық өндірушілердің өнімі сатып алынды – «СК-Фармация»

21.02.2014

АСТАНА. 21 ақпан 2014.  
5 жылда 58,3 млрд теңгеге отандық өндірушілердің өнімі сатып алынды. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы емделушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрайымы Шолпан Ахмет мәлім етті, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі.
«Бірыңғай дистрибьютер отандық фармацевтикалық индустрияны дамытуда қозғаушы фактор болуы тиіс. Осы міндетті іске асыру үшін отандық өндірушілер үшін преференциялар қарастырылған. Мәселен, жеті жыл мерзімге жеткізу үшін ұзақ мерзімдік келісімшарттар жасалған, тендерлер өткізілгенде отандық өндірушілерге басымдық беріледі», - деп атап өтті.
Оның айтуынша, осының нәтижесінде 5 жылда 58,3 млрд теңгеге отандық өндірушілердің өнімі сатып алынған. Ал оның үлесі бүгінде 75 пайызға жеткен.
«Бұл шаралар елде қолайлы инвестициялық ахуал тудырды. Салаға белгілі әлемдік фармацевтикалық өндірушілер тартылды. Polpharma, Фармстандарт бүгінде 150 млн долларға жуық инвестиция тартты», - деді басқарма төрайымы.
Айымгүл ӘБІЛЕВА

Тізімге қайта келу