Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қызылша ауруының белең алуына байланысты Қостанай облысына 8 мың доза вакцина әкелінбек

11.05.2014

Қызылша ауруының белең алуына байланысты Қостанай облысына 8 мың доза вакцина әкелінбек

11 мамыр 2014, www.Bnews.kz

Қостанай облысында көптеген жұқпалы аурулардың тұрақталып, азайғаны байқалады, алайда қызылша ауруын жұқтырғандар саны артуда. Осыған байланысты облысқа қосымша 8000 доза вакцина әкелінеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департамент басшысының м.а. Сәуле Бәйменова айтты. 

«1 тоқсанның қорытындысы бойынша өңірде көптеген жұқпалы аурулардың тұрақталып, төмендегені байқалады: туберкулез - 20,7%-ға, ішек ауруы – 6, сальмонеллез - 13, ротавирустік инфекция - 2 есеге, қышыма – 5 жағдайға азайған», - деп атап өтті ол. 

Алайда оның айтуынша, қызылша дертіне шалдыққандар саны артып келеді. «2013 жылы соңғы 7 жылда алғаш рет қызылшаны жұқтырудың 22 фактісі тіркелді. Аталмыш кеселге шалдыққандардың 77,2%-ы – 15-25 жастағы азаматтар. Аурудың барлығы тіркеудің бірінші күнінде тексерілді. 30 жасқа дейінгі 6031 тұлғаға шұғыл тұрде вакцина егілді. Эпидемиологиялық жағдайдың өршуі көрші Ресей облыстары мен еліміздің басқа да өңірлерінде байқалуда. Биылғы жылдың 1 тоқсанында осындай тағы 3 жағдай тіркелді», - деп толықтырды ол. 

Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында 9-11 айлық сәбилерге қызылшаға қарсы вакцина егілмек, аймаққа қосымша 8000 доза вакцина әкелінеді. 

Тізімге қайта келу