Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Медициналық қалдықтарды қауiпсiз басқару жобасы жүзеге асырыла бастады

30.04.2014

Медициналық қалдықтарды қауiпсiз басқару жобасы жүзеге асырыла бастады

30 сәуiр 2014. www.BNews.kz

Қазақстанда медициналық қалдықтарды қауiпсiз басқару бойынша жоба жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi. 

Астана қаласында бүгiн медициналық қалдықтарды рационалды басқару және ауыр органикалық ластандырғыштар мәселесiне арналған семинар өтуде. Шараға отандық және шетелдiк ғалымдар қатысып, елiмiздiң экологиялық мәселесiн талқылауда. ҚР Қоршаған орта мен су ресурстары министрлiгi, БҰҰ Даму бағдарламасы мен Ғаламдық экологиялық қор бiрлесiп Стокгольм конвенциясы бойынша мiндеттемелердi iске асырудың ұлттық жоспарын жаңғыртуға бағытталған жоба әзiрлеген. Ол медициналық қалдықтарды тиiмдi басаруға бағытталған. 

Статистика бойынша медициналық мекемелерде жыл сайын 20 мың тоннадан астам қалдықтар түзiледi. Олардың басым бөлiгi қауiптiлерге жатқызылады. ҚР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң талаптары бойынша жұқпалы ауруларға қатысты қалдықтарды кәдiмгi қоқыс тастайтын жерлерге апарып тастауға тыйым салынады, соған байланысты қалдықтардың негiзгi бөлiгi өртеу арқылы жойылады және де бұл әрдайым арнайы кондырғыларда жүзеге асырылмайды. Жұқпалы аурулы қалдықтарды тастау жоғары уытты заттардың атмосфераға таралуына және экологиялық жағдайдың нашарлауына әкелiп соғады.

Өртенетiн қалдықтардың көлемi жайлы нақты мәлiмет жоқ және оларды өртеудiң салдарынан болатын шығарылымдарға мониторинг жүргiзiлмейтiн көрiнедi. 

Оған қоса қолданыстан шыққан құрамында сынабы бар аспаптарды бұрыс қолдану жағдайды одан сайын ушықтырады. Қазақстанда сынаптың шығарылуын бағалау бойынша жұмыстар жүргiзiлмейдi. Оның бар себебi қазiргi заңнаманың қалдыққа жататын сынапты қадағалағанымен, оның шығарылуы бойынша стандарттарды орнатпауында.

Ербол САРМУРЗИН

Тізімге қайта келу