Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

ҚР ИЖТМ: Қазақстан дәрі-дәрмек өндіруде Ресейден жарты қадам алда келеді

22.04.2014

ҚР ИЖТМ: Қазақстан дәрі-дәрмек өндіруде Ресейден жарты қадам алда келеді

22 сәуiр 2014, 12:40. www.BNews.kz

Қазақстан дәрі-дәрмек заттарын өндіруде Ресейден жарты қадам алда келеді. Бұл туралы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Интеграция мәселелеріне тағы бір рет назар аударғым келеді. Шынымен де нарықтың жалпы және таза болуынан кіріс келтіруге болады. Нарыққа отандық өндіріске біелгілі бір көлемде үлес қосып отырған кәсіпорындар шығуы тиіс, мен Кеден одағының жалпы нарығын сөз етіп отырмын», - деді А.Рау.


Вице-министрдің сөзіне қарағанда, олар «бір-екі затты буып-түюмен шектелмей», толық қуаттылықпен жұмыс істеуі тиіс.

«Ресейде де мұндай «жарым-жарты» кәсіпорындар өте көп, олардың біздің нарыққа кіру мүмкіндігін жауып тастауымыз керек. Ал ең бастысы GMP халықаралық стандартына сай болсын, содан кейін ғана Ресей мен Қазақстанның нарығына кірсе болады», - дейді ҚР ИЖТМ басшысының орынбасары.

«Біздің кәсіпорындардың әлеуетін мойындау керек, біз Ресейден жарты қадам алда келеміз», - деп толықтырды ол.

Тізімге қайта келу