Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстанда GMP халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізілуде

23.04.2014

Қазақстанда GMP халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізілуде

23 сәуiр 2014, 21:25. www.BNews.kz

Қазақстанда фармацевтикалық өндіріс кәсіпорындарында «Тиісті өндірістік тәжірибе» (GMP) халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізіліп жаты, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бүгінгі таңда дәрі-дәрмек өндіретін 42 кәсіпорынның ішінде 2 өндірушінің 4 өндірістік учаскесінде GMP стандарттарына сәйкестігі туралы келісім бар», - деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өндірісті дамыту бағдарламасының орындалу барысына» арналған отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы С.Мусинов. 

Сонымен қатар, 18 өндіруші осы халықаралық стандартқа ие болуды жоспарлап отыр. Қазір олар бұл бағытта үлкен жұмыстар атқаруда: жаңа ғимараттар салып, ескілерін қайта жаңғыртуда, мамандарын оқытуда және т.б. Халықаралық мамандарды тарта отырып, ұлттық инспекторатты әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінге дейін республикада мемлекеттік органның 200-ден астам маманы оқытылды. 

Қазақстанның фармацевтикалық инспекция ынтымақтастығының халықаралық жүйесіне (PIC/S) қосылу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылғы наурызда Қазақстан халықаралық жүйеге өтініш беруші дәрежесіне ие болды. PIC/S – халықаралық стандарттар саласында белсенді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге арналған фармацевтикалық инспекциялық органдарды біріктіретін халықаралық ұйым.

Тізімге қайта келу