Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Жүйелі іс-шараларды нәтижесінде Қазақстанда АИТВ инфекциясының таралуы тұрақтанды

19.05.2014

Жүйелі іс-шараларды нәтижесінде Қазақстанда АИТВ инфекциясының таралуы тұрақтанды 

19 мамыр 2014, ҚР ДСМ Баспасөз қызметі 

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде әлем елдерінде ЖИТС ауруынан қайтыс болған адамдарды еске алуға арналған іс-шаралар өткізіледі. 

Негізгі идеясы - дер кезінде емделсе, АИТВ инфекциясын өлімге соқтыратын аурудан созылмалы аурулар қатарына ауыстыруға және ұзақ та толыққанды өмір сүруге болатынын түсіндіру болып табылады. 

Мақсат - адамдарды АИТВ-ға тесттен өтуге, ол туралы айтудан қорықпауға, сұрақтар қойып оларға жауап алуға қозғау салу. Осы аурудан көз жұмғандарды еске алу, АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдарды, олардың достарын және жақындарын қолдау. 

АИТВ жаһандық қоғамдық денсаулық сақтауда негізгі проблемалардың бірі болып қалуда. Соңғы отыз жылда 25 миллионнан аса адамның өмірін қиды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, 2012 жылы АИТВ-мен өмір сүретіндер саны әлемде 35 миллионнан астам адамды құрады. АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларының саны бүкіл әлемде 2,3 миллионды құрады, ол 2001 жылғы инфекцияның жаңа жағдайлар санымен салықтырғанда 33%-ға аз болып отыр. ЖИТС салдарынан қайтыс болғандар саны да 2012 жылы 2,3 миллионнан 1,6 миллионға дейін төмендеді. 

Эпидемияға қарсы жүйелі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде Қазақстанда АИТВ инфекциясының таралуы тұрақтанды және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша шоғырланған кезеңде ұсталынуда. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға елімізде медициналық көмекті ұйымдастыру емдеуге, күтіп қарауға және қолдауға адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және өмірін ұзартуға бағытталған, ЖИТС-тен қайтыс болу деңгейін төмендетуге ықпал етеді. Бұл ЖИТС қызметінде жұмыс істейтін дәрігерлер мен мейірбикелердің жанқиярлық жұмыстары арқасында мүмкін болды. 2009 жылмен салыстырғанда антиретровирустық терапиямен емделуді қажет етушілер саны 3,5 есе өсті. Оңтүстік Қазақстан облысында балаларды емдеу және тиімді диспансеризациялау үшін арнайы мамандандырылған «Ана мен бала» оңалту орталығы жұмыс істейді. АРВ терапияның тиімділігін бақылау үшін жаңа технологиялар енгізілуде. АИТВ ӨСА консультативтік – диагностикалық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында телемедицинаның соңғы жетістіктері қолданылады. 

18 мамырда еліміздің өңірлерінде тақырыптық акциялар өткізілді. 

Қазақстанда Халықаралық еске алу күнін өткізу – бұл АИТВ инфекциясының әрі қарай таралуына қарсы тұруға дайындықты және ықыласты көрсетудің бір мүмкіндігі, нақты қауіпті көрсету және одан қалай аулақ болуды түсіндіру мүмкіндігі. АИТВ көптен бері «қауіпті топтар» ауруына жатпайтын болды. Бүгінде адамның әлеуметтік мәртебесі, жасы және сытқы түрі, онда АИТВ инфекциясы бар ма, әлде жоқ па куәландыра алмайды. Әркімнің вирустың таралуы бойынша ахуалды жақсартуға ықпал етуге, ЖИТС –пен күресуге үлес қосуға: тағатты болуға, өзін және айналасындағыларды сыйлауға, өзіне және жақындарына қамқорлық жасауға мүмкіндігі бар. 

Тізімге қайта келу