Елімізде вирустық гепатитпен күрес айлығы өтеді
18.07.2014
Елімізде вирустық гепатитпен күрес айлығы өтеді
18 Шілде 2014, ҚазАқпарат
Автор: Қанат Мәметқазыұлы
Елімізде вирустық гепатитпен күрес айлығы өтеді
18 Шілде 2014, ҚазАқпарат
28 шілде мен 28 тамыз аралығында республикамызда «Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні: тағы да бір рет ойлан» атты ұранмен денсаулық айлығы өтеді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өтетін айлық 28 шілде - Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне орайластырылған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Шараның мақсаты - вирустық гепатиттің берілу жолдарынан, жұқтыру мен таралуынан сақтандыру. Бұл ретте Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен оның серіктестері жұртшылықты «үнсіз өлтіруші» туралы «тағы да ойлануға» шақырады. Еліміздің барлық өңірлерінде Ашық есік күндері өтіп, бейінді мамандармен кеңес, ерте анықталған вирустық гепатиттің алдын алу шаралары ұйымдастырылады. Оқыту семинарлары, әсіресе косметологиялық қызмет көрсететін мекемелерде жетекші мамандармен бірлескен тренингтер, дөңгелек үстелдер, байқаулар секілді вирустық гепатиттің алдын алу мәселелері бойынша кең ауқымды акциялар өткізілетіні жоспарланған.
«Вирустық гепатит - А, В, С, D және E гепатиті ретінде белгілі, олар инфекциялық аурулар тобына жатады және созылмалы бауыр дертін тудырады. Вирустар әртүрлі жолмен, мәселен, А және Е гепатиті - лас тағам мен су арқылы; В гепатиті - босану кезінде анадан балаға, баладан балаға, ине салу мен қан құю, жыныстық қатынас арқылы; С гепатиті - негізінен, таза емес қан арқылы және D гепатит - В гепатитімен ауырғанда қосымша инфекция ретінде беріледі», - делінген баспасөз баянында.
Тоқтала кететін жайт, дерттің негізгі індеті В және С типті гепатитіне тиесілі. Бүкіл әлемде В және С гепатиті шамамен 500 миллион адам үшін созылмалы аурудың және бауыр циррозы мен обырының басты себебі болып табылады. Қолда бар мәліметтер бойынша олар барлық бауыр циррозының 57% оқиғасының және бастапқы бауыр обырының 78 пайызын тудырып отыр.
Автор: Қанат Мәметқазыұлы



