Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстанның дәрі-дәрмектен импортқа тәуелділігі 70 пайызды құрап отыр - С. Қайырбекова

17.07.2014

Қазақстанның дәрі-дәрмектен импортқа тәуелділігі 70 пайызды құрап отыр - С. Қайырбекова

17 Шілде 2014, ҚазАқпарат 

Қазақстанның дәрі-дәрмектен импортқа тәуелділігі 70 пайызды құрап отыр. Бүгін Үкімет отырысына арналған Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осылай мәлім етті.

«Қазіргі таңда еліміздің нормативтік саласында медициналық өнімдер айналымы Еуропа қауымдастығының стандарттарына барынша жақындатылған. Бұл нені білдіреді? Бұл - еліміздің дәрілік заттар айналымы саласында дұрыс әрі қатаң құқықтық реттеу жүріп жатыр деген сөз. Тоқтала кететін жайт, бұндай шара ТМД кеңістігінде Қазақстан мен Украинада ғана қолға алынған», - дейді министр Салидат Қайырбекова.

Оның айтуынша, Қазақстанда медициналық өнімді шығарушыдан тұтынушыға жеткізілгенге дейін оның сапасы бақыланады, тиімділігі мен қауіпсіздігі де бағаланады. Сондықтан да, бүгінгі таңда елімізде тиісті тәжірибелер енгізілуде. «Тәжірибелер сол өндірістің өзінен басталады және зертханалық тәжірибелер, сонымен қатар, дәрілердің дәріханалардағы бөлшек саудаға түсу тәжірибесі де енгізіліп жатыр. Мінеки, осындай бақылаудың нәтижесінде, соңғы үш жылда елімізге тіркелуге әкелінген 1,5 мыңға тарта дәрілік заттардың қауіпсіздік пен тиімділігі дәлелденген жоқ. Бұл тіркелген жалпы препараттар санының бестен бір бөлігінің тіркеуден өтпегенін білдіреді. Сонымен қатар, дәрілік заттардың 1 млн. 300 мың орамнан тұратын 97 партиясы, оның ішінде 11 мың келі субстанциялар қауіпсіздік пен сапалық бағалаудан өтпей қалды. Осының өзі Қазақстандағы дәрі-дәрмек нарығының жеткілікті деңгейде қадағаланып тұрғанын білдіреді», - деді С. Қайырбекова.

Тізімге қайта келу