ҚР денсаулық сақтау министрлігі: 2014 жылдың соңына дейін Қазақстанның дәрілік заттар нарығында отандық дәрі өндірушілер үлесі 50% дейін жетеді
12.07.2014
ҚР денсаулық сақтау министрлігі: 2014 жылдың соңына дейін Қазақстанның дәрілік заттар нарығында отандық дәрі өндірушілер үлесі 50% дейін жетеді
12 Шілде 2014, ҚазАқпарат
2014 жылдың соңына дейін Қазақстанның дәрілік заттар нарығында отандық дәрі өндірушілер үлесі 50% дейін жетеді, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінен.
«Отандық өндірушілердің өнім көлемі ағымдағы жылдың басында шамамен 40 пайызды құрады. Осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу болжанған", - деп атап өтті ведомствода.
Оның ақпаратынша, 2013 жылы отандық өнімнің дәрілік препараттарының көлемі 2012 жылғы көрсеткіштен 13%-ға артқан.



