Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Еліміздің медициналық мекемелерінде қолданылатын шприцтердің басым бөлігі Атырауда шығарылады

03.02.2015

Еліміздің медициналық мекемелерінде қолданылатын шприцтердің басым бөлігі Атырауда шығарылады

03 Ақпан 2015, ҚазАқпарат

Бүгінгі таңда Қазақстандағы емдеу мекемелерінде қолданылатын медициналық шприцтердің басым бөлігі Атырауда шығарылады.

Осыдан бес жыл бұрын үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бір реттік шприц шығаратын «Брандо» зауыты іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда кәсіпорын толық қуатында жұмыс істейді және медициналық өнімдердің түрлерін кеңейтіп те келеді.

«Құрал-жабдықтар - оңтүстіккореялық, ал шикізат болса Азия және Еуропа елдерінен әкелінеді. Қазақстандағы осынау медициналық шприц шығаратын бірегей зауыт бес жылдың ішінде тұрақты түрде әрі сапалы өнімдер шығаруда. Экономикалық тиімділігіне келер болсақ, тек өткен жылдың ішінде 2 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Мемлекет қазынасына салық түрінде 400 млн. теңге құйылды»,-дейді кәсіпорынның бас инженері Мұхтар Махметов.

Тізімге қайта келу