Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

2015 жылы еліміздегі барлық балалар пневмококк инфекциясына қарсы егіледі

30.09.2014

2015 жылы еліміздегі барлық балалар пневмококк инфекциясына қарсы егіледі 

30 Қыркүйек 2014, ҚазАқпарат 

2015 жылы еліміздегі барлық балалар пневмококк инфекциясына қарсы егіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мәлім етті.

«Біз ТМД мемлекеттеріндегі пневмококк инфекциясына қарсы егуді бастаған ең бірінші елміз және 2015 жылы елдегі барлық балалар егілетін болады», - деді ол.

М.Ембергенованың айтуынша, осындай шаралардың нәтижесінде балалар арасында пневмонияға шалдығу - 50, ал одан болатын өлім-жітім 20 пайызға төмендейтін болады.

Министрлік мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан балаларды тегін вакциналаумен қамтамасыз ететін мемлекет мәртебесіне ие. Еліміздегі балалардың 97,5 пайызы түрлі ауруларға қарсы екпе алады. Соңғы 7 жылда вакцина сатып алуға бөлінетін шығыстар 1 млрд.-тан 12 млрд. теңгеге дейін өсіп отыр.

«Балалар арасында қызамық - 291, гепатит - 135, дифтерия - 100, қызылша - 25, көкжөтел ауруы - 20 есе төмендеді», - деді департамент директоры.

Тізімге қайта келу