Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Қазақстан өкілі ДДСҰ атқару комитетінің мүшесі болып сайланды

23.05.2015

Қазақстан өкілі ДДСҰ атқару комитетінің мүшесі болып сайланды

23 Мамыр 2015, ҚазАқпарат

Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының 68 сессиясында профессор Мақсұт Құлжанов 2015 жылдың мамырынан 2018 жылдың мамырына дейінгі мерзімге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) атқару комитетінің мүшесі болып сайланды, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен. 

«Атқару комитеті ДДСҰ-ның басқарушы органы болып табылады. Комитет отырыстарында әлемнің денсаулық сақтау саласының дамуына ықпал ететін маңызды шешімдер қабыданады. ДДСҰ Атқару комитеті ұйымның даму стратегиясын анықтап, ДДСҰ Штаб-пәтерінің және алты өңірлік кеңсесінің қаржы, кадрлық және техникалық саясатын басқарады», - делінген хабарламада. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассамблеясының басшылығы Қазақстан ДДСҰ Атқару комитетінің жұмысына зор үлес қосатынын мәлімдеді.

Мақсұт Құлжанов - Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің негізін қалаушы. Мұндай ұйым бүкіл ТДМ аумағында бірінші болып құрылды. Ол аталған ұйымды 15 жыл басқарған. М.Құлжанов ұйымның халықаралық деңгейде танылуына ықпал етті. 1992-1997 жылдары ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды. 200-ден астам ғылыми мақаланың авторы. Дәріскер және денсаулық сақтау саласының зерттеушісі ретінде мол тәжірибесі бар.

Тізімге қайта келу