Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

«СК ФАРМАЦИЯ» ЖШС 2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ТМККК ШЕҢБЕРІНДЕ ДЗ ЖӘНЕ ММБ САТЫП АЛУ БОЙЫНША МӘЖІЛІС ӨТТІ.

22.09.2015

«СК Фармация» ЖШС-де 2016 жылға арналған ТМККК шеңберінде ДЗ және ММБ сатып алу бойынша мәжіліс өтті  

22 қыркүйек 2015, Дереккөз: "СК-Фармация"ЖШС баспасөз қызметі

  

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Владимирович Цойдың төрағалық етуімен 2016 жылға арналған халықты тегін қамтамасыз ету үшін бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы алда болатын дәрілерді сатып алу бойынша Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәжілісі бүгін  Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша Бірыңғай  дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС-нің базасында өтті.   

 

Мәжіліске Бірыңғай дистрибьютордың, елдегі фармацевтикалық қауымдастықтың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, фармацевтикалық өнімдерді өндірушілердің және дистрибьюторлардың өкілдері қатысты. 

 

Мәжілістің барысында халық үшін тегін дәрілерді мерзімінде және үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету маңыздылығына басты назар аударылды. 

 

Үздіксіз дәрілік қамтамасыз ету – бұл бірінші кезекте Бірыңғай дистрибьютордың басты міндеті. Осы міндетті орындау үшін компанияда сатып алу мен жеткізудің тиімді тетігі қалыптастырылған. Алайда халықты  сапалы дәрілермен қамтамасыз ету, әлемдік экономикалық дағдарыс және Қазақстан Республикасының жаңа ақшалай-несиелік саясаты  жағдайында әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу үшін тегін препараттарды үздіксіз және мерзімінде жеткізу – бұл тек Бірыңғай дистрибьютордың басты міндеті ғана емес, сонымен қатар елдегі фармацевтикалық нарықтың барлық  қатысушыларының да әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.

 

Осыған орай, елде дәрілік қамтамасыз ету бойынша тұрақты жағдайды сақтау мақсатында, Бірыңғай дистрибьютордың Басқарма Төрағасы Нұржан Нұрмағамбетұлы Әлібаев  дәрі өндірушілер мен өнім берушілерді алда болатын тендерге белсенді қатысуға, мерзімінде жеткізуді қамтамасыз етуге және жеткізілетін өнімнің сапасының жоғары болуына шақырды.

 

 

Vstrecha



Тізімге қайта келу