Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

СК-Фармация конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашты: ашық және заң бойынша

19.10.2015

СК-Фармация конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашты: ашық  және заң бойынша

19 қазан 2015, Дереккөз: Zakon.kz

«СК-Фармация» ЖШС  тендердің бірінші кезеңінде дәрілік заттарды өндіруші әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері салынған конверттерді ашты. Бұл әр бір тендерлік өтінімнің біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді көздейді. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша тендер заң бойынша барлық қажетті конкурстық рәсімдерді сақтай отырып, айтарлықтай  ашық түрде өтті.

Тендерде 79 млрд. теңгеге дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 725 атауына өтінімдер берілді.  Бұл тендерде барлығы 55 әлеуетті өнім берушілер қатысып отыр.

– Біз күрделі экономикалық жағдайда қарамастан, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін  жүктеген және тендерге қатысу ниетін білдірген фармацевтикалық компанияларға алғыс білдіреміз,- деп атап көрсетті "СК-Фармация"ЖШС Басқарма Төрағасының орынбасары, конкурстық комиссия төрағасы Касаткин Максим.

Конкурстың екінші кезеңі 9-шы қарашаға жоспарланған. Бұл бағаны төмендетуге арналған аукцион болып табылады, онда тендерлік комиссия қатысушылардың баға ұсыныстарын қабылдайды.  Тендердің қорытынды рәсімі бақылаушы тараптардың және БАҚ-ның  қатысуымен өтеді.  Өзге қатысушылардың баға ұсыныстары жайында білген бәсекелестер өз бағаларын төмендету мүмкіндігін иеленеді, бұл бюджет қаражаттарын қосымша үнемдеуге мүмкіндік береді.  

 "СК-Фармация" ЖШС  елімізде  ауруханалар және емханалар қамтамасыз етілетін дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру үшін құрылған.  Сатып алудың мұндай құрылымы мемлекеттік қаражаттарды үнемдейді.  "СК-Фармация" ЖШС құрылған уақыттың ішінде  2009 жылдан бастап 37 млрд. теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.


Тізімге қайта келу