Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

Павлодар Фармацевтикалық зауыты

«Павлодар Фармацевтикалық Зауыты» ЖШС (ПФЗ) 1999 жылы Қазақстанның жетекші фармацевтикалық кәсіпорындарының бірі 1992 жылы көтерме-бөлшек фирма ретінде іргесін көтерген, қысқа уақыт ішінде «көлденең біріктіру» қағидаты бойынша салынған ірі фармацевтикалық компанияға айналған – оған дәрілік заттардың өндірісінен тұтынушыға соңғы өнімді жеткізуге дейінгі барлық үдерістерді біріктірген - «Ромат» холдингінің құрамына кірді.

2000 жылы жүргізілген қайта жаңартудан кейін зауытта бірнеше өндірістік блоктар есептеледі: таблетка өндірісіне арналған модульдік құрылым; капсулалы және таблетка мен капсулаларды полимерлі материалдан, блистер мен стриптан жасалған контейнерлерге түюге мүмкіндік беретін үш өздігінен түю желілері. Сондай-ақ ауданы 1000 шаршы метр қойма орын-жайлары.
Зауытың жылдық өндірісі жылына 0,3 миллиард таблеткаға дейін, ол Қазақстанның осы препараттарға қажеттілігін толығымен қанағаттандырып, сыртық нарыққа шығуға мүмкіндік бермейді.

2007 жылы негізгі қатардағы туберкулезге қарсы препараттарды өнеркәсіптік өндірілді және Қазақстан Республикасының қажеттілігін жабумен емдеу мекемелеріне жеткізілді. Осы жылы зауытта ДЗ капсула пішіндегі және қабықпен қапталған таблеткаларды шығару жөніндегі желі іске қосылды.
Зауыттың зауыттық зертханасы мемлекеттік фармокопея талаптарына сәйкес сапаны бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заманауи нақтылығы жоғарғы сынақ жабдығымен жарақтандырылған. ПФЗ-да, Қазақстанда алғашқы рет жабдықты, өндірісті және технологиялық үдерістерді валидациялау және препараттар сапасын бақылау әдістері меңгерілген. Таблеткалау және капсулаларға түюдің заманауи патентке қабілетті технологияларын меңгерудің, жаңа қосымша материалдар мен бастапқы заттарды өңдеу тәсілдерін пайдаланудың арқасында сапасы жоғары өнім шығаруға қол жеткізіп отыр.

2008 жылы Павлодар фармацевтикалық зауытында алғашқы рет туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектердің балаларға арналған пішіндерін әзірлеу және өнеркәсіптік игеру жөнінде зерттеулер басталды.
Қазіргі уақытта ПФЗ өндіретін өнім номенклатурасында әртүрлі терапевтік топтар бар, олар: витаминдер, микробқа қарсы және жүрек-тамыр дәрілері, ыстықты түсіретін, туберкулезге қарсы және диабетке қарсы заттар. Олардың құрамына белгілі препараттарға ұқсас, сондай-ақ өздері әзірлеген нағыз дәрілік заттар кіреді. ДЗ өндірісін ылғалдап түйірлеу әдісінен бастап тікелей престеу әдісіне көшу жүзеге асырылған, ол өндірістік үдеріс уақытын, энергиялық шығынды айтарлықтай қысқартады және дайын өнім шығарылымын арттырады.

Павлодар зауытының өндіру қуаты жылына 1 млрд.200млн. таблетка мен капсулаларды құрайды.