Прайс-парақ

жаңартылды 13.07.2015

көшіріп алу


шапка шапка шапка шапка

«Ромат» ФК

«РОМАТ» фармацевтикалық компаниясы – Қазақстанның жетекші фармацевтикалық кәсіпорындарының бірі. 1992 жылы көтерме-бөлшек фирма ретінде іргесін көтерген компания қазіргі уақытта өзінің сайда маркасына дәрі-дәрмектер, биопрепараттар мен полимерлі медициналық бұйымдарды өндіру жөніндегі заманауи зауыт пен, ұлттық дистрибьютерлік желі мен дәріханалардың бөлшектік желінің басын біріктіретін ірі фармацевтикалық холдинг.

Компанияның негізгі мақсаты – отандық нарықты жоғары сапалы фармацевтикалық дәрі-дәрмектермен және осындай тауарлардың кең спектрымен уақытылы қамтамасыз ету.

"Ромат" компаниясының зауыттары GMP өндірістік тәжірибесінің ережелерінің талаптарына сәйкес әлемдегі белгілі өндірушілердің заманауи өндірістік жабдығымен жарақтандырылған. Ол әлемдік сапа стандартына сәйкес келетін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Компания зауыттарында дәрі-дәрмектер таблетка және капсула, инфузиялық ерітінділер, галеналық-бөлшектеп өлшеу өнімдері және ферменттік препараттар түрінде шығарылады. «Ромат» компаниясының медициналық бұйымдар зауыты - Қазақстандағы бір жолғы пайдаланатын үш құрамды шприцтер шығаратын жалғыз зауыт. Өнімінің құрамына көпшілігі өмірге қажетті және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 130 түрі бар.

«Ромат» компаниясы – өз қызметін Қазақстанның барлық аумағында жүзеге аыратын ұлттық деңгейдегі дистрибьютор. Компанияның өңірлік желісінде еліміздің барлық ірі қалаларында 18 филиалы бар. 2006 жылы Бейжіңде (Қытай) өкілдігі ашылды.

Ромат дәрі-дәрмек заттары мен медициналық жабдықтар шығаратын 120 өндіруші компаниямен ұзақ мерзімді берік серіктестік қатынастар орнатқан. Тауарлық құрамында әрқашан Элай Лилли (Швейцария), Глаксо Смит Кляйн (Ұлыбритания), Нестле (Швейцария), Никомед (Австрия), Новонордиск (Дания), Пфайзер (США), Шеринг АГ (Германия), Санофи…. Тәрізді белгілі шетелдік фармацевтикалық өнім өндірушілердің тауарлары бар.
Компанияның маңызды бәсекелік артықшылығы СанЕжН нормалары мен GDP стандарттарына сәйкес жобаланған және жарақтандырылған автоматтандырылған өңірлік қоймалардың болуы. Олардың әрқайсысы өз алаңдарына бір уақытта 120 мың текше метр тауар өнімін орналастыра алады. Компанияның барлық қоймалары бірыңғай ақпараттық жүйемен, заманауи тиеу-түсіру техникасымен және арнайы қойма жабдығымен жарақтандырылған.

«Ромат» компаниясы «Қазақстандағы № 1 дәрі-дәрмек заттарын өндіруші» номинациясы бойынша «жыл таңдауы» конкурсының алтыншы рет жеңімпазы болып табылады. Осы марапаттаулар жоғарғы сапалы марка ретінде Роматтың жоғарғы мәртебесін растайды. 2002 жылдың сәуірінде Еуропалық Парламентте (Брюссель) Ромат компаниясына жоғары дәрежелі марапат ұсынылды – нарықтарды зерттеу жөніндегі еуропалық орталықтың (EMRC) сыйлығы. Бұл марапатқа өз саласында үлкен жетістіктерге жеткен, экономиканың дамуына және бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер шығаруға үлес қосқан жетекші фирмалар ғана ұсынылады.

2006 жылдың қазанында компания тағы да бір жоғарғы дәрежелі марапат алуға ұсынылды – ол «2006 жылғы Ұлттық Экономика Көшбасшысы» Құрмет белгісі. Бұл марапатпен оң беделін және шығарылатын өнімнің тұрақты сапасын растайтын ғана емес, белсенді өсуіне ықпал ететін инновацияларды меңгеруге қуаты болуы тиіс.

www.romat.kz