Ұзақ мерзімді шарттар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ШАРТТАР
«СҚ-Фармация» ЖШС фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға көмек көрсету үшін отандық өндірушілермен тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрі-дәрмек заттарын жеткізуге ұзақ мерзімді шарттар жасады.
Бірыңғай дистрибьютор төмендегі компаниялармен келісім жасады:
• «Химфарм» АҚ,
• «Глобал Фарм» БК,
• «Ромат» ФК;
• Павлодар Фармацевтикалық зауыты;
• Нобел АФФ,
• Қарағанды Фармацевтикалық Кешені,
• «BRANDO» ЖШС,
• «БИРУНИФАРМ» ЖШС,
• «Медикал фарм «Ча-кур» ЖШС,
• Super Pharm ЖШС,
• "Алмерек"; ЖШС,
• "Dolce" ЖШС,
• "ЭкоФарм Интернейшнл" ЖШС.
Компаниялар өз өндірісінде GMP стандарттарын енгізгеннен кейін, ұзақ мерзімді шарттар жеті жыл бойы өндірушілерге өткізу көлемін қамтамасыз етеді. Осы шаралар отандық компанияларды дамытуға, өндірісті жаңғыртуға ынталандырады.
Отандық кәсіпорындар үшін өткізудің кепілдендірілген көлемі инвесторларды іздеуге және инвестицияларды қайтаруға жағдайлар жасайды. Осы бағдарламаға қатысушы барлық өндірушілер 2014 жылдың аяғына дейін жаңа зауыттарды жаңғыртуды және салуды аяқтауға міндетті.